Жаңалықтар

Дүниежүзілік инсульт күні Қазақстанда аталып өтуде

ашық дереккөзі

Дүниежүзілік инсульт күні Қазақстанда аталып өтуде

Қазақстанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді. Оның барысында өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) ашық есік күндері ұйымдастырылып, невропатолог, кардиолог, терапевт және реабилитолог мамандары тегін кеңес береді. ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының қызметкерлері, жетекші реабилитолог мамандар пациенттерге «Инсульт алған адамдарды үйде оңалтудың өзекті мәселелері», «Стандартты азық-түлік себетінен «Дұрыс тағамды» қалай алуға болады?» атты тақырыптарда дәрістер оқитын болады. Сонымен қатар, МСАК ұйымдарының қызметкерлері, инсульт пен артериялық қысымның алдын алу стационарлары үшін конференциялар мен дөңгелек столдар, тұрғындар үшін қанның құрамындағы глюкоза деңгейін, дененің салмағы мен бойды анықтайтын, ақпараттық-ағарту материалдарын таратуға негізделген «Инсультті бірге тоқтатайық!», «Инсульттан сақтан» атты акциялар ұйымдастырылмақ. денсаулық мектептерінде пациенттер үшін сабақтар өткізілетін болады. Сондай-ақ, аталған күні жекелеген қалаларда, мәселен, Алматыда инсультпен ауырған адамдарға қажетті мүгедектік арбалар, жүріс арбалары, ұзақ жатқаннан пайда болатын денедегі тесіктерге қарсы матрастар беріледі. Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған шаралар азаматтардың аталған ауру туралы хабардарлығын арттыруға, уақытылы диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту,  артериялық қысымды бақылау мен қауіп-қатер факторларын түзету қажеттілігін, сонымен бірге, инсульт белгілерін білу мен инсульт жағдайы орын алғанда өзіндік іс-әрекеттер мен айналадағы адамдардың әрекеттері туралы хабардар болуға негізделген. Бас ми тамырларының аурулары – жалпы аурулар құрылымында, халықтың өлім-жітім көрсеткішінде көп кездесетіндіктен және алғашқы мүгедектіктің себебі болып отырғандықтан, заманауи қоғамның медициналық-әлеуметтік саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек. Мидағы қан айналымының жіті бұзылуының көп таралуына адамның мінез-құлық факторларындағы қауіп-қатерлер аса маңызды рөл атқарады. Оған темекі шегу, дұрыс тамақтанбау мен семіздік, физикалық белсенділіктің болмауы, ішімдікті қолдану, жоғары қан айналымы, диабет пен гиперлипидемия инсульттің орын алу қаупін күшейте түседі. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі басымдығы – медициналық көмек көрсетудің, (оның ішінде мидағы қан айналымының жіті бұзылуы (жіті инсульт) біріктірілген үлгісін енгізу болып табылады. Бұл үлгі профилактика, кешенді емдеу, оңалту, диспансерлік бақылау бойынша, сонымен бірге, әлеуметтік қызметтерді енгізуді қарастырады. Жіті инсультті басқарудағы біріктірілген үлгіні енгізудің басты құралы – медициналық қызметтердің тиімділігін арттырудағы және экономикалық шығындарды азайтудағы кепілдік ретінде инсульт орталықтарының тиімді қызметі болып табылады. Бүгінгі таңда республикада 40 инсульт орталығы жұмыс істейді. 2020 жылға дейін тағы 28 инсульт орталығын ашу жоспарланып отыр. Салауатты өмір салты (темекі шегуден бас тарту, ішімдікті азайту немесе одан бас тарту, дене салмағын орташа деңгейде ұстап тұру, тұрақты физикалық жаттығулар мен үйлестірілген диета, өз денсаулығын күту бойынша өзіндік қамқорлықты күшейту) қан айналымы ауруларына жол бермейді. Естеріңізге сала кетейік, инсультпен күрес күні жыл сайын 29 қазанда аталып өтеді, ол 2006 жылы аталған аурумен шұғыл және белсенді түрде күресу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы арқылы бекітілген болатын.