Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен «Тау дос» кешенінде тонау фактісі расталмады – полиция

Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен “Тау Дос” кешеніндегі тонаушылық факті расталмады. 27 тамызда Тараз қаласы маңындағы жарылыс болған әскери бөлімнен 500 метр қашықтықта орналасқан  аталған кешеннің тоналғаны туралы Tengrinews ақпараттық агенттігінде ақпарат шыққан еді, деп жазды polisia.kz.

Кешен иесінің айтуынша, таңертең кафе күзетшісі әскери формадағы кісіні ұстап алған, ол рюкзакта қымбат алкогольді ішімдіктерді алып шыққан. Осыдан кейін әскери формадағы адам рюкзакты қалдырып, белгісіз бағытта қашып кеткен. Оқиға орнына шығу және көрсетілген фактіні тексеру кезінде әскери бөлім аумағында 26 тамызда орын алған жарылыстар кезінде кешенде барлық терезелер мен кейбір есіктер зақымдалғаны анықталды. Осыдан кейін иесі кешенді күзетшіге қалдырып, кассадан түсім алмай, үйге кетіп калған. 27 тамызда сағат 12.00 шамасында Байзақ ауданында ауа райы нашарлап, 5-10 м/с қатты шаңды дауыл болған. Осы кезде сол аймақта көшеде болған адамдар ішке қарай жүгіріп, күзетшінің рұқсатымен ғимаратқа кірген. Шаңды дауыл аяқталғаннан кейін тұрғындар ғимараттан шыққан. Шамамен сағат 17.00-де өз ғимарат иесі 550 мың теңгеге жуық ақшаның жоғалғанын анықтайды, алайда ол өзі нақты соманы білмеген. Қазіргі уақытта тонау дерегі орын алмағаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button