Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев елге оралды

Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев елге оралды

Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев елге оралды
ашық дереккөзі
Токиодағы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері Давид Дегтярев елге оралды. Чемпион мінген ұшақ бүгін түнде сағат 1-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы әуежайға қонды. Әлемдік додада топ жарып, ел мерейін асырған оғланға, жанкүйерлері зор құрмет көрсетті. Ол пауэр-лифтингтен  54 келі салмақ санатында үздік атанды. Осылайша, жерлесіміз аталған ойындарда алғашқы алтынды, ел қоржынына салды. Жүйелі жаттығу мен жақындарымның риясыз сенімі мені, жеңіске жетеледі, дейді спортшының өзі. Хабар 24 арнасына берген сұхбатында Давид Дегтярев: "Бәрі тамаша өтті. Қалайда алтын аламын деген ойым жүзеге асты. Әрине, ол алдымен жаттықтырушымның ақыл-кеңесінің арқасында. Сондай-ақ маған сенім артып, жігер сыйлаған отбасым, достарым, күллі Қазақ елінің қолдауынсыз мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді" деді.