Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні
ашық дереккөзі

29 тамыз елімізде Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Осыған орай Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал таңғы сағат 10-да Қазақстанның барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталады. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында көңілашар бағдарламалар тоқтайды. Ойын-сауық шаралары өткізілмейді.

Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери қоймада әуелі өрт шығып, көп ұзамай бірнеше жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тауып, жүзге жуық тұрғын жарақат алған. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 10-рет жарияланып отыр.