Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», делінген құжатта.

Back to top button