Нұрлан Ермекбаев: Барлығына мені кінәлі деу - надандық (видео)

Нұрлан Ермекбаев: Барлығына мені кінәлі деу - надандық (видео)

Нұрлан Ермекбаев: Барлығына мені кінәлі деу - надандық (видео)
ашық дереккөзі

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев tengrinews.kz тілшісінің қойған сұрағына жауап беріп, Жамбылда болған жарылысқа тек министрді кінәлау надандық екенін, өзінің еш кінәсі жоқ екенін айтты.

Барлығына министр кінәлі деу, бір жағынан надандық. Өйткені сауатты адамдар қарулы күштер кіші мемлекет деп айтуға болатынын біледі. Оның ішінде барлығы - білім беру жүйесі, денсаулық сақтау жүйесі, жауынгерлік даярлау, сарбаздарды үйрету бар. Өте күрделі механизм. Бір адамның барлығын қадағалауы өте қиын. Бірақ бізде сондай бір қағида бар: бірінші жетекші бәріне жауап береді.
Бірақ министр жазықсыз болса да отставкаға кетуге өтініш беретінін айтты.
Сол сияқты мен кінәсіз болсам да, жеке өзім жазықсыз болсам да, бәріне жауап беремін. Оның үстіне офицерлік, генералдық ар-намыс деген ұғым бар. Соған сәйкес, әрине мен отставкаға беремін. Жоғары Бас Қолбасшы және Мемлекет басшысы қандай шешім қабылдайды, мен ол туралы айта алмаймын. Қазір менің міндетім - апаттың салдарын жою, - деді министр.
[video width="480" height="480" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/08/img_2133.mp4"][/video]