«Кешірім сұраймын». Жамбылдағы жарылыс жайлы жалған ақпарат таратқан жігіт 3 жылға сотталуы мүмкін (видео)

Жамбыл облысындағы жарылыс туралы жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz сайты.

27 тамызда Instagram-да мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жойқын жарылыстан апат аумағына кіру мүмкін емес деген бейнежазбаны анықтаған. Сондай-ақ ер адам видеода зардап шеккендер көп екенін де айтқан.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Тіркелген факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы «Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», – деді тәртіп сақшылары.

Полиция қызметкерлері адам жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, халықтан кешірім сұрады.

 

Back to top button