Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан тағы 3 адамның денесі табылды

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда. Жалпы оқиға салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған», – деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, Тараз қаласының стационарларында ем алып жатқан зардап шегушінің бесеуі реанимацияда , екеуінің жағдайы ауыр.

Back to top button