Өзбекстанда құрамында коронавирусқа қарсы вакцина бар қызанақ өсіріле бастады

Өзбекстанда құрамында коронавирусқа қарсы вакцина бар қызанақ өсіріле бастады, деп хабарлайды genomics.uz

Өзбекстан Ғылым Академиясының геномика және биоинформатика орталығының ғалымдары жеуге болатын коронавирус вакцинасын ойлап тапты. Вакцина қызанақта болады, өнім екі айдан кейін піседі.

Ғалымдардың айтуынша, қызанақ жасушалары асқазанда бөлініп, антиген түзеді.

«Біз Өзбекстанда табылған коронавирусты алып, бір бөлігін клондап, оны өсімдік жасушасына енгіздік. Біз вакцинаның өсімдік жасушаларынан шынымен шығарылатынын тексердік және анықтадық», — дейді зерттеушілердің бірі.

Back to top button