Бердібек Сапарбаев: Жарылыс тоқтады, тұрғындар үйіне қайта алады

Бердібек Сапарбаев: Жарылыс тоқтады, тұрғындар үйіне қайта алады

Бердібек Сапарбаев: Жарылыс тоқтады, тұрғындар үйіне қайта алады
ашық дереккөзі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз маңында жарылыс тоқтағанын, тұрғындарға үйіне қайтуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ең жақыны Қайнар ауылы бір шақырым жерде орналасқан. Қалған екеуі бес шақырым қашықта. Бұл елді мекендердің барлық тұрғыны арнайы дайындалған 10 мектеп пен бес колледж жатақханасына орналастырылды. Қазіргі уақытта мұнда 227 адам қалды, олардың көпшілігі туыстарына кетті. Қалпына келтіру жұмыстарына 1000-нан аса адам мен 120-ға жуық техника жұмылдырылды", - деді әкім.
Әкім теміржол қозғалысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зардап шеккен барлық адамға көмек көрсетіледі. Заңға сәйкес, қаза болғандардың отбасына мемлекеттен көмек беріледі. Егер зардап шеккендердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандар болса және т.б. нормаға сәйкес көмек көрсетіледі. Қираған үйлер мен нысандарға келетін болсақ, сарапшылар үш елді мекенді аралап шықты, өртенген үйлер мен басқа да нысандар тіркелмеген. Тек шатырлар, терезелер, есіктер сынған", - деді әкім.
Сапарбаев тұрғындарға көмек көрсету бойынша шешімдер заңға сәйкес, қираған ғимараттарды арнайы комиссия тексеруі негізінде қабылданатынын айтты.