Жаңалықтар

Пәкістан билігі National Geographic мұқабасындағы ауған қызын босатады

ашық дереккөзі

Пәкістан билігі National Geographic мұқабасындағы ауған қызын босатады

Пәкістан билігі National Geographic мұқабасында шығып, бүкіл әлемге танылған ауған қызын кепілақымен босатады, - деп хабарлайды BBC. Ол бір апта бұрын қамалған болатын. Пәкістан полициясы Гуланы елде қолдан жасалған құжатпен тұрып жатыр деп айыптады. Ал өзі бұл айыппен келіспейді. Пәкістан ІІМ басшысы Чаудири Нисардың айтуынша, Гула адамгершілік ниетке байланысты босатылады екен. Алайда оған қатысты қозғалған іс тоқтатылмайды, себебі бұл іске бірнеше шенеуніктің қатысы бар деген күдік туған. Шарбат Гула 1985 жылы бүкіл әлемге танылған еді. Стивен Маккарридің Пәкістандағы ауған босқындарының лагерінде түсірген суреті National Geographic мұқабасында жарияланған болатын. Суреттегі қыздың есімі көп уақыт бойы белгісіз болып келді, оны "ауған қызы" немесе "ауған Мона Лизасы" деп таған. Фотограф пен тілшілер командасы оны 2002 жылы бірақ тапқан. Оның қайда тұрып жатқаны айтылмаған еді, тек Ауғанстан-Пәкістан шекарасында екені хабарланған.