Депутат Жамбылдағы қайғылы оқиға жауапсыздық пен жүйесіз жұмыстың кесірінен болды деп есептейді

Депутат Жамбылдағы қайғылы оқиға жауапсыздық пен жүйесіз жұмыстың кесірінен болды деп есептейді

Депутат Жамбылдағы қайғылы оқиға жауапсыздық пен жүйесіз жұмыстың кесірінен болды деп есептейді
ашық дереккөзі
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасына сүйенсек, Мәди Ахметов 5 адамның өліміне әкеп соқтырған қайғылы жағдай жауапсыздық пен жүйесіз жұмыстың кесірінен болды деп есептейді. «Арыстағы жарылыс араға 2 жыл 2 ай 2 күн салып Байзақта қайталанды. Тәуелсіздік жылдарында елімізде үлкенді-кішілі 8 жарылыс орын алған. Осындай жағдайлардың себебін анықтап жоюдың орнына әлі күнге салдарымен күресіп келеміз. Бейбіт күнде жауапсыздық пен жүйесіз жұмыстың кесірінен 5 бауырымыз мерт болды. Кешелі бері Үкіметтің жұмысына тікелей жауап беретін премьер үнсіз. Министр отставка кетсе бұл мәселе шешіледі деген сөз емес. Көзбояушылыққа негізделмеген, түбегейлі реформа қажет. Оны түбіне дейін жеткізетін өз принципі бар адам қажет. Жамбылдықтарға сабыр тілеймін, қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын. Кеше түннен бері сол жерде көмек көрсетіп жатқан еріктілерге ризашылығымды білдіремін. Арандатушылыққа жол бермеу керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деп жазды Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов.