Жаңалықтар

Жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті

ашық дереккөзі

Жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті

Жамбылдағы жарылысқа қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі сағат шұғыл ақпарат таратты. 13:00-дегі жағдай бойынша қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. «Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.