"Қазатомөнеркәсіп" басшысы өз еркімен қызметінен кетеді
"Қазатомөнеркәсіп" басшысы өз еркімен қызметінен кетеді
Ғалымжан Пірматов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы өз еркімен қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ғалымжан Пірматов 2 қыркүйекте қызметінен кетеді. Басқарма төрағасы міндетін Мәжит Шәріпов атқарады.
"Мен ел басшылығына сенім білдіргені және компанияны тиімді басқаруға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін. "Қазатомөнеркәсіпті" компания үшін ғана емес, бүкіл әлемдік уран саласы үшін де осындай күрделі уақытта басқару - мен үшін үлкен мәртебе әрі артықшылық болды. Мен жұмыс істеу мәртебесіне ие болған "Қазатомөнеркәсіптің" бүкіл ұжымына алғыс айтамын. Осы төрт жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамын..." - деді Пірматов.