Семейдегі жоғары оқу орнына Әлихан Бөкейханның есімі берілді
Семейдегі жоғары оқу орнына Әлихан Бөкейханның есімі берілді
Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Алаш қозғалысы жетекшісінің атымен аталды. Бүгін білім ордасының бас ғимаратында Әлихан Бөкейхан бюстінің ашылу салтанаты өтті. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Талғат Анарбеков. Сондай-ақ университетте «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.