Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елбасы сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, әңгіме кезінде Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Back to top button