Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 5-ке жетті
ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің тағы бір әскери қызметкері қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өрт сөндіру командасының бастығы келісім-шарт қызметінің старшинасы Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы, 1992 жылы туған, инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты тікелей басқарды. Жарылыс болған соң оқиға орнында көз жұмған", - деп жазылған хабарламада. Ведомство басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қорғаныс министрлігі марқұмның отбасына көмек көрсететінін жеткізді.