Жамбылдағы жарылыс: бірнеше әскери қызметшімен байланыс жоқ – Қорғаныс министрі

Жамбылдағы жарылыс: бірнеше әскери қызметшімен байланыс жоқ – Қорғаныс министрі

Жамбылдағы жарылыс: бірнеше әскери қызметшімен байланыс жоқ – Қорғаныс министрі
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. «Әскери бөлімде бірнеше әскери қызметшіні және әскерилендірілген күзетті қоса алғанда 135 адам қызмет етеді. Олардың басым бөлігі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер саналады. Шамамен 15 офицер бар. Ол жерде қатардағы жауынгерлер жоқ. Біз әзірше үш әскери қызметшімен байланыса алмай отырмыз. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманы жоғалды», - деді министр Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.