Паралимпиада: Токиодағы жарыста парадзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты

Паралимпиада: Токиодағы жарыста парадзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты

Паралимпиада: Токиодағы жарыста парадзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты
ашық дереккөзі
Токиодағы Паралимпиадада бақ сынап жатқан парадзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты. Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, қазақстандық дзюдошы 60 келі салмақта сынға түсіп жатыр. «Парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарындағы екінші кездесуін сәтті өткізіп, финалға жолдама алды. Ол алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Сүхэбаатар Ядамдоржды ұтқан болатын. Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Енді Әнуар Сариев финалдағы қарсыласы әзербайжандық Вугар Ширинлимен сынға түседі.