Жамбылдағы жарылыс: 4 әскери қызметші қаза тапты

27 тамыз, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Жамбылдағы жарылыс: 4 әскери қызметші қаза тапты Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. «Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.