Коронавирус: Түркістан облысынан басқа өңірлер «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: Түркістан облысынан басқа өңірлер «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: Түркістан облысынан басқа өңірлер «қызыл» аймақта тұр
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 27 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.