Президент Жамбылдағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

26 тамыз, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Президент Жамбылдағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ҚМ, ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Теміржол байланысы уақытша тоқтатылды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында.