Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шекті

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 32 адам зардап шекті, түрлі жарақат алған олар Тараз қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Оқиға орнына 16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Құрылған жедел штабтың басшысы – облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді», – деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Back to top button