Жамбыл облысында жойқын жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді

Жамбыл облысында жойқын жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді

Жамбыл облысында жойқын жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді
ашық дереккөзі

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Осыған қатысты Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді.

Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесіп жатыр. Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді, - деп хабарлады министрліктен.