Жаңа қаулы: Бас санитар дәрігер студенттерге қойылатын талаптарды жариялады

Жаңа қаулы: Бас санитар дәрігер студенттерге қойылатын талаптарды жариялады

Жаңа қаулы: Бас санитар дәрігер студенттерге қойылатын талаптарды жариялады
ашық дереккөзі
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Білім беру мекемелеріндегі коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі талаптар туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы екпе алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған) студенттерді жатақханаға орналастыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру қажет. Шетелдік студенттер төменде көрсетілген талаптар орындалған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі:
  • тұратын елдің уәкілетті органы бекіткен вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР тестілеудің теріс нәтижесі.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, асханалар мен буфеттерге:
  • респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);
  • QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға;
  • COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) кіруге жол берілмейді.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.