ШҚО-да ауыл мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды

ШҚО-да ауыл мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды

ШҚО-да ауыл мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, аукционға қатысқан мұғалім ғимаратты бұзбайды, керісінше оны қалпына келтіруге ниетті. Мектеп ғимараты 1970 жылы кірпіштен салынған. 2011 жылы ол пайдалануға жарамсыз деп танылып, биыл қаңтарда бар болғаны 187 000 теңгеге сатылымға шығарылған екен. мектеп Аукцион нәтижесі туралы хаттамаға сәйкес, жалпы ауданы 3489,6 шаршы метр болатын, екі қабатты мектеп ғимаратын "Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ сатылымға қойған. Аукционға төрт сатып алушы қатысқан. Ғимараттың жаңа иесімен байланысу мүмкін болмады, бірақ жағдайға қатысты электронды аукцион нәтижесінің хаттамасында көрсетілген телефон арқылы пікір алынды. "Сатып алушы - Жетіарал ауылындағы жергілікті орта мектептің мұғалімі. Ғимаратты ешкім бұзбайды, керісінше, оның бір бөлігінде спорт алаңы ашылады", - деп пікір білдірді. мектеп