Паралимпиада: Токиодағы жарыста Қазақстан алғашқы алтын медалін алды

Паралимпиада: Токиодағы жарыста Қазақстан алғашқы алтын медалін алды

Паралимпиада: Токиодағы жарыста Қазақстан алғашқы алтын медалін алды
ашық дереккөзі
Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында отандық спортшы Давид Дегтярев Қазақстан үшін алғашқы алтын медалін жеңіп алды. 54 келі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен сынға түскен қазақстандық паралимпиадашы алғашында - 170 келі, екіншісінде - 172, үшіншісінде 174 келі көтерді. Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеленді. Ең жақсы талпынысында ол 83 келіні көтере алды.