Павлодарда 17 жастағы студент қыздың мәйіті табылды
Павлодарда 17 жастағы студент қыздың мәйіті табылды
Павлодар облысында суға батып кеткен 17 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды "Pavlodarnews".
"Бүгін 112 пультіне ер адам хабарласып, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының шекарасында қыздың денесін көргені туралы хабарлама келіп түсті", - деп нақтылады облыстық ТЖД.
Марқұмның денесі Шоқпар ауылынан сегіз шақырым жерден табылып, судан шығарылды.