Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі

Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі

Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі өртенген үйдің тұрғындарымен кездесті. Әкімдік өрттен зардап шеккен отбасылар үшін жаңа баспана сатып алды. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды. Қала әкімі тұрғындармен бірге әрлеу жұмысы жүріп жатқан жаңа үйді қарап шықты.  width= «Бүгін өрттен зардап шеккен 14 отбасының мәселесіне нүкте қойылды. Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі үй қалпына келтірілмейді. Тұрғындармен бірге салынып жатқан үйден жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын жаңа пәтерлерді қарадық. Көшуге біраз уақыт қалды. Болашақ қоныс иелеріне бақыт тілейміз!», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.  width= Жаңа үй де Жетісу ауданында орналасқан. Бұған дейін әкім Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырған болатын. Еске салайық, 13 тамыз күні Алматыда 1943 жылы салынған екі қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылған еді.  width=