Сенбі, 1 Сәуір, 2023

Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі өртенген үйдің тұрғындарымен кездесті. Әкімдік өрттен зардап шеккен отбасылар үшін жаңа баспана сатып алды. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қала әкімі тұрғындармен бірге әрлеу жұмысы жүріп жатқан жаңа үйді қарап шықты.

Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі

«Бүгін өрттен зардап шеккен 14 отбасының мәселесіне нүкте қойылды. Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі үй қалпына келтірілмейді. Тұрғындармен бірге салынып жатқан үйден жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын жаңа пәтерлерді қарадық. Көшуге біраз уақыт қалды. Болашақ қоныс иелеріне бақыт тілейміз!», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі

Жаңа үй де Жетісу ауданында орналасқан. Бұған дейін әкім Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Еске салайық, 13 тамыз күні Алматыда 1943 жылы салынған екі қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылған еді.

Алматыдағы өрт: баспанасыз қалған 14 отбасыға жаңа пәтер беріледі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button