Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ: Журналистердің құқығы шектелген жерде сөз бостандығы, әділетті қоғам туралы айту артық

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ: Журналистердің құқығы шектелген жерде сөз бостандығы, әділетті қоғам туралы айту артық

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ: Журналистердің құқығы шектелген жерде сөз бостандығы, әділетті қоғам туралы айту артық
ашық дереккөзі

Белгілі журналист, "Бас редакторлар клубы" ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай журналистердің құқығы туралы мәселе көтеріп, Facebook-тегі парақшасында пікір айтты.

Сөз бостандығы болмай, демократияның болуы мүмкін емес. Ал, журналистердің құқығы шектелген жерде сөз бостандығы, әділетті қоғам туралы айту артық. Елімізде ақпаратқа қолжетімділік Заң жүзінде бекітілген. Алайда, соңғы жылдары БАҚ өкілдеріне қысым көрсету әртүрлі деңгейде белең алып жүргені жасырын емес. Мемлекеттік орган ғимаратында, мемлекеттік арна журналисіне қатысты оқиға, бұл мәселенің барынша ұшыққанының көрінісі. Бастысы, мемлекеттік қызмет, БАҚ туралы заңдарды жетілдіру қажеттігі және бар заңдардың да орындалмайтындығы, билік пен халықтың байланысы төмендегені, тіпті бір бірінен қорқатындай, қорғанатындай деңгейге жеткені көрініп қалды. Барлығына ортақ заң, тәртіп болмаған жерде тек күш үстемдік етеді.
Сонымен қатар Бибігүл Жексенбай осы бағытта еліміздің барлық ақпарат өкілдерінің бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сондықтан, белең алған оқиға бойынша, тек бір журналист пен әкімдік шеңберіндегі іс шарамен шектелу жеткіліксіз. Қоғамдық талқылау кеңінен жасалып, Парламент депутаттарының, Үкімет, министрлік тарапынан нақты қадамдар болып, мұндай әрекеттердің қайталанбауын қамтамасыз ету керек. Бас редакторлар клубы осы бағытта еліміздің барлық ақпарат өкілдерінің бірлесе жұмыс жасауға шақырады.