Паралимпиада: бүгін Токиода екі спортшымыз сайысқа түседі

Паралимпиада: бүгін Токиода екі спортшымыз сайысқа түседі

Паралимпиада: бүгін Токиода екі спортшымыз сайысқа түседі
ашық дереккөзі
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада 26 тамызда екі қазақстандық спортшы сайысқа түседі. Бүгін парапауэрлифтингтен жарыс басталады. Онда екі қазақстандық ел намысын қорғайды. Спортшылардың ойын көрсету кестесі (елорда уақытымен):
  • Парапауэрлифтинг. Әйелдер. 45 келі. 13.30 - Алина Солодухина;
  • Парапауэрлифтинг. Ерлер. 54 келі. 15.30 - Давид Дегтярев.
Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі. Қазақстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы жүлдеге қол жеткізді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зульфия Габидуллина еркін әдіспен 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды. Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлдегер атанды.