"Ата-анасы емханаға апармай, емшіге қаратқан": 6 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Шымкентте емшіге қаралған 6 жасар бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Otyrar телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, денесін күйік шалған баланы ата-анасы емханаға алып барудың орнына емшіге қаратқан.
«10 күн бұрын бала ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Ол ауыр токсемия сатысында болды, маңызды мүшелерінің зақымдануына сәл-ақ қалған. Оған себеп – баланың ата-анасы емшіге жүгініп, ол күйік орындарына белгісіз май жаққан. Бұл балаға тек зиянын тигізген. Салдарынан бала осындай ауыр жағдайда ауруханаға түсіп отыр», – дейді дәрігер-комбустиолог Нұрпейіс Шырынбек.