Жаңалықтар

Орташа айлық жалақы − 251 508 теңгені кімдер алады?

ашық дереккөзі

Орташа айлық жалақы − 251 508 теңгені кімдер алады?

Жыл басында тіркелген орташа ай­лық атаулы жалақы − 230 829 тең­ге. Ресми мәліметтен екінші тоқсанда ха­­­­лықтың табысы артқанын көріп отыр­мыз. Стратегиялық жоспарлау және ре­фор­малар агенттігінің Ұлттық статистика бю­ро­сы таратқан мәліметке сүйенсек, сала бойын­ша ең көп айлықты қаржы және сақ­тандыру қызметіндегілер алады екен. Яғни, 472,5 мың теңге. Бұл республикалық дең­гейден 1,9 есе жоғары. Келесі кезекте тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласындағылар – 461,8 мың теңге, кә­сіби және техникалық қызметтегілер – 356,7 мың теңге, ақпарат және байланыс са­ласындағылар 338,6 мың теңге алады. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, ор­ман және балық шаруашылығының қыз­меткерлеріне тиесілі – 145,6 мың теңге. Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өң­деу және жою, тазарту саласында жүр­ген­дер­дің де айлығы төмен. Соңғы мәлімет бойынша әлеуметтік са­лаға жататын мамандардың табы­сы­на келер болсақ, мұғалімдердің орташа ай­­лық жалақысы – 233 896 теңге, дәрігерлер – 230 312 теңге, мәдениет саласындағы ма­м­ан­­дар 156 658 айлық алады екен. Статистикалық мәліметтен көрге­ні­міздей, халықтың табысы республи­ка­ның әр өңірінде әрқалай. Ең жоғарғы ор­­­таша айлық жалақы Атырау облысында тір­келген – 398,5 мың теңге, бұл орташа ре­с­публикалық көрсеткіштен шамамен 1,6 есе жоғары. Жалақысы жоғары аймақ­тар­дың қатарында Маңғыстау – 353 447 теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 344 496 теңге, Алматы қа­ласы – 295 958 теңге еніп отыр. Осы ретте, төменгі айлық көрсеткіш тіркелген өңірлер де белгілі. Көш ба­сында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Бұл өңірде халықтың табысы − 189,8 мың теңге, бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейден 24,5 пайызға төмен. Соңғы уақытта Қазақстандағы орташа айлық жалақы 200-250 мың теңгенің ша­масында белгіленді. Халықтың көбі «мұндай айлықты ешқашан алып көрген жоқ­пыз» деген пікір білдіреді. Осы ретте «Ор­таша айлық жалақы қалай есептеледі?» де­ген сұрақтың тууы заңдылық. Ресми ақ­парат бойынша орташа айлық жалақы бы­лай есептеледі: еліміздегі қыз­мет­кер­лер­дің айлығын (жоғары алатыны бар, төмен ала­тыны бар) қосады да сол жалақы қорын ай­лық алатын адамдар санына бөледі. Бұл есеп­теу жүйесінің әділ емес екені қоғамда жиі айтылып жүр. Ескеретіні, жалақы ала­тындардың 7-8 пайызы тым жоғары айлық ала­ды екен. Мысалы, «Самұрық-Қазынаның» қар­жы, сақтандыру қорларында жұмыс іс­тейтіндердің айлығы млн теңгеден жоғары. Аты­рау, Маңғыстау облыстарындағы мұ­най­шыларды да жоғарғы жалақы ала­тын­дардың тізіміне қосып отырмыз. Жалпы есеп­те жоғарғы айлығы бар 1 млн қыз­мет­кер­дің қаражатын орташа айлық алатын 5 млн қызметкердікімен қосқанда ортақ ор­таша есеп шығып отыр. Бұл есептеу жүйесі шын мәнінде төмен жалақы алатындардың көрсеткішін арттырып отыр. Қай әдіс дұрыс? Халықтың басым бөлігі шын мәнінде нақ­ты қанша айлық алатынын анық­тауға болады. Бұл әдіс ресми орташа ай­лық жалақы деп жарияланбаса да, халық­тың нақты табысын анықтау үшін жүр­гізі­леді. Халықтың табысын есептеудің жал­пы үш тәсілі бар: орташа, модальды және медианалық жалақы. Осы үш тәсілдің қайсы халықтың табысын нақты анық­тай­тынын және шындыққа жанасымды екенін түсіну үшін әрқайсына тоқтала кетсек. Модальды жалақыға халықтың ба­сым бөлігі алатын табыс мөлшері жа­тады. 2020 жылы модальды жалақы 169 792 теңгеге жетті. Ресми мәліметтерге сәй­кес, халықтың көп бөлігі осындай жалақы ала­ды. 2019 жылы модальды жалақы тек 58 мың теңге болды. 2018 жылы халықтың ба­сым бөлігі 80 021 теңге айлық алып кел­ген. Медианалық жалақыны есептеу тәсілі бойынша Қазақстанда 2020 жылы орташа жалақы мөлшері 142,3 мың тең­ге деп бекітілді. Бұл 2019 жылмен са­лыс­тырғанда 26,8 пайызға артық көрсеткіш. Алайда, ресми статистика деректеріне сәй­кес, ірі және орта кәсіпорын қызмет­кер­лері­нің 50 пайызы 142,3 мың теңгеден аз жа­лақы алады екен. Жоғарыда ресми мәлімет бойынша елдегі орташа айлық жалақы 251 508 теңге екенін айттық. Халықтың та­бы­сын есептеудің бұл тәсілі дамыған ел­дерде кеңінен қолданылады. Бірақ, әлеуметтік теңсіздік белең алған мемлекет үшін бұл қан­шалықты дұрыс таңдау? Экономиканың қарапайым заңдылығында бай мен кедей арасындағы алшақтық неғұрлым көп болса, жалақысы төмен адамдардың үлесі соғұр­лым артық болатынын білеміз. Тағы да Статистика комитетінің де­ре­гіне назар аударсақ. Жүргізілген сауал­нама нәтижесінде қазақ­стандық­тардың 63,5 пайызы өз өміріне риза екен. Ауылды жерде тұратындардың 72,6 пайызы, қа­лалықтар­дың 58,4 пайызының арыз-шағымы жоқ, проблема атаулыдан ада еке­нін айтқан. Материалдық жағдай бойынша респонденттердің 63,3 пайызы қар­жылық жағдайларының орташа екенін, 0,7 пайызы жоғары екенін, тек 0,3 пайызы төмен екенін көрсеткен. Осы ретте, халық­аралық Лоуренс сызығы деген түсінік бойын­ша мемлекеттегі 5-10 пайыз дәулетті адам­дар байлықтың 95 пайызына ие бола­ды да, қалған байлықтың 5 пайызы халыққа тиесілі екені анықталған. Халықтың табысын көтеру қай уа­қытта да өзекті мәселе болып қала бер­мек. Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі орташа айлық мөлшері мен төменгі жалақы мөлшеріне өзгеріс енгізілетінін хабарлағаны есімізде. Бұл өзгеріс 2023 жылға жоспарланып отыр. Яғни, ең төменгі жалақы орташа жа­лақы­ның кемінде 30 пайызына тең болуы тиіс. 2023 жылы орташа жалақы 224 мың теңге бол­са, онда ең төменгі жалақы 70 мың тең­ге­ден артық болуы қажет. ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС   Батжан АКМОЛДИНА, тәуелсіз сарапшы: − Зейнетақы қорына тұрақта түрде жар­на аударып отырғандар саны − 5 млн адам. Елімізде бас-аяғы 9 млн адам жұмыспен қам­тылған десек, соның жартысы ғана мін­детті зейнетақы төлемін төлейді. Орташа айлық жалақы – 200 мың теңгенің үстінде. Бірақ қарасы қа­лың халық бұл қаражатты алмайды деген пікір бар. Әлем­нің дамыған елдері халық­тың нақты алап отырған табысын есептеу үшін ме­диа­налық еңбекақыны есептеу тә­сілді қол­да­нады. Бізде де қазір ресми мә­ліметпен қа­тар, медианалық еңбекақы есеп­телініп жүр. Оның көлемі орташа ай­лық жалақыдан тө­мен екенін көреміз. Ме­ніңше, бұл дұрыс тәсіл. Халықтың жалақысын көтеру мә­се­ле­сі қай кезеңде де өзекті. Көр­ші Ресеймен салыстырсақ, ең төменгі жа­лақы мөл­шері екі есе төмен. Бұл жағдайды ес­керіп, Үкімет елдегі ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеге көтергенін білеміз. Содан бері үш жыл ішінде индексация жасалған жоқ. Үш жыл тұрмақ, бір жыл ішінде тауар мен тұтыну бағасы айтарлықтай өсті. Қазір эко­номикалық жағдайды ескеріп, ең төменгі жа­лақыны арттыру мәселесін қайта көтеру ке­рек. Екіншіден, әлеуметтік сала маман­дарына базалық лауазымдық жалақы 2015 жылы 17 697 теңге болып бекітілген. Содан бері бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Оны арт­тыру керек десек, Үкімет бюджеттік са­ла­дағы шығындар артады дегенді алға тар­тады. Кезінде мұнай бағасы ел эконо­ми­ка­сы үшін тиімді болған кезде бюджет с­а­ласының та­бысын көтеріп алмаған соң, қа­зіргі қиын кезеңде бұл бастаманы іске асыру екіталай.