90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина алды (видео)

90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина алды (видео)

90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина алды (видео)
ашық дереккөзі

Академик Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл туралы оның ұлы, профессор Алмаз Шарман Facebook парақшасында жазды.

Академик Vero cell (Sinopharm) вакцинасын салдыртты.
"Маған ештеңе болған жоқ, мен өзіме сенімдімін және вакцина алғаныма қуанамын. Бұл қауіпті індеттен құтылудың жалғыз жолы — вакцина. Қазір вакцинаның қауіпті екені туралы жалған ақпарат тарап жатыр, оған сенбеңіздер,- деді Төрегелді Шарманов инъекциядан кейін.