Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді

Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді

Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді
ашық дереккөзі

Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Премьер-министр Асқар Мамин қаулыға қол қойды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", - деп жазылған құжатта.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.