Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді

Алматы облысындағы «Баянқол» шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Премьер-министр Асқар Мамин қаулыға қол қойды.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын», – деп жазылған құжатта.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.