Жаңалықтар

Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді

ашық дереккөзі

Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді

Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Премьер-министр Асқар Мамин қаулыға қол қойды. "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", - деп жазылған құжатта. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.