«Jas Otan» елімізде киберспортты дамытуға ниетті

«Jas Otan» елімізде киберспортты дамытуға ниетті

«Jas Otan» елімізде киберспортты дамытуға ниетті
ашық дереккөзі

Қазақстанда кәсіби киберспортшылар саны артып келеді. Егер бұрын компьютерлік ойындар бос уақытты өткізудің бір ғана әдісі болып саналса, қазір виртуалды спортшылар бір-бірімен бәсекелесіп, шеберліктің барлық шыңдарына жетеді.

Осылайша, «Nur Otan»партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты мен «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың арқасында отандық ойынды дамутудың жаңа серпініне ие болады.

Атап айтқанда, құжат халықаралық талдаушылар мен комментаторларды тарту арқылы мастер-класстар, оқыту семинарлары мен турнирлер өткізу мүмкіндігін қарастырады.

«Айта кету керек, 2018 жылы біз Федерациямен бірлесіп киберспорт бойынша республикалық чемпионатты өткіздік, оған барлық өңірлерден 215 команда қатысты. Тағы бір маңызды жәйт, қазір киберспорт тек жағымды эмоциялар ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушылар мен ойыншылардың үлкен еңбегінің нәтижесі. Гейминг саласы біраздан бері экономиканың бір бөлігіне айналды. Бұдан бөлек, бұл мемарандум «Жастар-Отанғабағдарламасында айқындалған жастар арасында тұлғалық дамуды дәріптеу және бос уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасауда маңызды қадамдардың бірі болып отыр – деді «Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Спикер сондай-ақ, бағдарлама аясында жастар қанатының алдында еліміздің мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарын қолжетімді Wi-Fi желілерімен қамтамасыз етуді қоса алғанда, IT-инфрақұрылымын жақсартуға және техникалық жарақтандыруға, сондай-ақ IT-секторында жұмыс орындарын құруға ықпал ету міндеті тұрғанын қосты.

 width=

Өз кезегінде «Qazaq Cybersport Federation»Бас хатшысы Әлібек Аханов киберспорттың имиджі қарқынды дамып келе жатқанын, енді оны шахмат ойыны немесе теннис матчы сияқты байсалды қабылдап жатқанын атап өтті.

«2018 жылдың маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі болып танылды, ал өткен жылы ғана біз Ұлттық Олимпиада комитетінен мойындау туралы сертификат алдық. Енді біздің қозғалысты дамытуға, студенттік және мектептегі киберспортты жетілдіруге көбірек жастарды тарту үшін біз «Jas Otan» – мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық», - деп мәлімдеді Әлібек Аханов.

Айта кету керек, құрылған сәттен бастап Федерация 140 турнир өткізіп, оған 40 мыңға жуық қатысушы қатысты. Алғашқы бірлескен «Jas Otan» және «Qazaq Cybersport Federation» киберспорттық іс-шаралары ағымдағы жылдың қараша айында жоспарланып отыр.