Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Вакцина паспорты бар студенттер ғана жатақханаға орналаса алады

ашық дереккөзі

Жаңа қаулы: Вакцина паспорты бар студенттер ғана жатақханаға орналаса алады

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов 2021-2022 оқу жылындағы оқу орындарына қойылатын талаптар мен шарттарды белгілейтін жаңа қаулыға қол қойды. Құжатты денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитетінің ресми сайты жариялады. Қаулыға сәйкес, оқу орындарында мына шарттар сақталуы керек: Осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшалардың талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау; педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда); ұйымға кіру кезінде "Аshyq" қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу); маска режимін сақтау; рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету; үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру; үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия); бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.); мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту. Әкімдер, білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары: асханаларда ауа рециркуляторларын орнатуды қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейту; бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинациясы бар (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған) студенттерді жатақханаға орналастыруды қамтамасыз ету; оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру қажет. Шетел студенттері төменде көрсетілген талаптар орындалған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі: тұратын елдің уәкілетті органы бекіткен вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР тестілеудің теріс нәтижесі. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, асханалар мен буфеттерге: респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары); QR-код бойынша тіркеу кезінде "сары" және "қызыл" мәртебесі бар адамдарға; COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) кіруге жол берілмейді.