Журналистерге арналған конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

– мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;

– мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

– тіл мәселелерін жариялап жүрген журналистердің мақалалары, бағдарламалары арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту;

– қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

Конкурс жайлы толығырақ мына жерден танысуға болады.

 

Back to top button