Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ертең 26 тамыз күні күндіз Батыс Қазақстан облысында 36 градус ыстық күтіледі. Өрт қауіпі сақталады. Атырау облысында 39 градус қатты ыстық сақталады. 26-28 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. 27-28 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады. 26 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 25 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің күші найзағай жарқылдаған кезінде күшейіп, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталықта, оңтүстікте және батыста өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында 38 градусқа градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.