"Жауапқа тартылмайды": Вакцина паспортын сатып алғандарға кешірім жарияланды

"Жауапқа тартылмайды": Вакцина паспортын сатып алғандарға кешірім жарияланды

"Жауапқа тартылмайды": Вакцина паспортын сатып алғандарға кешірім жарияланды
ашық дереккөзі

Вакцина паспорттарын сатып алған азаматтар вакцина ала алады. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз рақымшылық жасадық және бір рет қателік жасаған адамдарды жауапқа тартып, қудаламаймыз. Біздің міндетіміз - жазалау емес, вакциналау. Вакцина алу пунктіне келіп, мойындап, екпе алу керек. Кімнен сатып алғанын ешкім сұрамайды", - деді Бекшин.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина паспортын сатып алған қазақстандықтарға рақымшылық жариялау талқыланып жатқанын айтқан болатын.