Шетелге кеткендер елге келуге асығар емес
Шетелге кеткендер елге келуге асығар емес
Ресми статистика бойынша, 2021 жылғы қаңтар–маусымда Қазақстанға сырттан 4,6 мың адам келді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға аз екен. Сонымен қатар, пандемияға қарамастан елден кеткендер саны −14,2 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 29,3 пайызға көп. Айта кетерлігі, 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстаннан кеткендер саны үнемі артып отырған. 2020 жылы карантинге және шекаралардың жабылуына байланысты бұл көрсеткіш төмендеді, бірақ биыл эмиграцияның өсу қайта қарқын алған.