Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік қызметінің басшысын тағайындады
Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік қызметінің басшысын тағайындады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлайды.
"Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - деп жазылған ресми хабарламада.