Елімізде алтын өндіретін ірі фабрика іске қосылды

«Алтыналмас» компаниясы Ақмола облысындағы «Ақсу» алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.
Жаңа фабриканың операторы – «Ақсу Technology», фабриканы жобалау және салу жұмыстарын «AAEngineering Group» жүргізді. Екеуі де «Алтыналмастың» кәсіпорындары.
Кәсіпорынның өнімділігі – жылына 5 млн тонна кен өндіру және еліміздің алтын шығаратын ең ірі және озық фабрикаларының біріне айналады деген болжам бар.
«Алтыналмас» – геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу цикліндегі компания. Қазақстанның төрт өңірінде активтері бар: Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, Ақмола облысындағы «Ақсу» жобасы және «Қазақалтын» объектілері.