Жаңалықтар

Елімізде алтын өндіретін ірі фабрика іске қосылды

ашық дереккөзі

Елімізде алтын өндіретін ірі фабрика іске қосылды

"Алтыналмас" компаниясы Ақмола облысындағы "Ақсу" алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Бұл туралы Forbes.kz хабарлады. Жаңа фабриканың операторы - "Ақсу Technology", фабриканы жобалау және салу жұмыстарын "AAEngineering Group" жүргізді. Екеуі де "Алтыналмастың" кәсіпорындары. Кәсіпорынның өнімділігі - жылына 5 млн тонна кен өндіру және еліміздің алтын шығаратын ең ірі және озық фабрикаларының біріне айналады деген болжам бар. "Алтыналмас" - геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу цикліндегі компания. Қазақстанның төрт өңірінде активтері бар: Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы "Пустынное" жобасы, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы "Ақбақай" жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы "Мизек" кен орны, Ақмола облысындағы "Ақсу" жобасы және "Қазақалтын" объектілері.