Екі жыл ішінде елордалық мұғалімдердің жалақысы 50 пайызға өсті – Алтай Көлгінов

Екі жыл ішінде елордалық мұғалімдердің жалақысы 50 пайызға өсті – Алтай Көлгінов

Екі жыл ішінде елордалық мұғалімдердің жалақысы 50 пайызға өсті – Алтай Көлгінов
ашық дереккөзі
Елордалық мұғалімдердің жалақысы соңғы екі жылда 50 пайызға өсті. 2022 жылы педагогтердің еңбекақысы тағы 25 пайызға артады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тамыз айындағы онлайн-кеңесте айтты. «Біз оқу орындарының құрылысына ерекше назар аудара отырып, әлеуметтік нысандарды жүйелі түрде салып жатырмыз. Мектептердің қажетті санын одан әрі салатын боламыз. Алайда біздің балаларымызды мектеп қабырғалары емес, мұғалімдерді оқытады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға, 2021 жылы тағы пайызға өсті. Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы тағы да артады. Ұстаздардың жалақысы 2024 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өсіп отырады. Сондай-ақ, біліктілік санаты үшін қосымша ақы қарастырылған. Сонымен қатар, біз өз тарапымыздан тұрғын үй жағдайларын жасау бойынша жұмыс істейміз: кезекте тұрғандарға тұрғын үй сертификаттарын бөлеміз, бағдарламаны Қазақстандық тұрғын үй компаниясымен (ҚИК) бірлесіп жалғастырамыз. Сондай-ақ, 2019 жылы жас мұғалімдерді қолдау үшін 350 орындық жас педагогтер үйі салынды», – деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.