Жаңалықтар

Журналисті әкімдіктен күштеп шығарған күзетші уақытша жұмыстан босатылды

ашық дереккөзі

Журналисті әкімдіктен күштеп шығарған күзетші уақытша жұмыстан босатылды

Алатау ауданы әкімдігі ғимаратынан "Хабар24" телеарнасының журналисін күштеп шығарған күзетші уақытша жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы аудан әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді. "Қызметтік тексеру жеделдетіліп, комиссия құрылады. Аудан әкімдігі Аshyq қосымшасы бойынша жұмыс істейді. Мен күзетшіні наурыздан білемін, ол әкімдік қызметкері емес, лотты жеңіп алған жеке фирманың өкілі. Мен оны ақтамаймын. Күзетші тергеуге байланысты қызметтен шеттетілді. Ол өз түсіндірмесін берді", - деді Азамат Қалдыбеков.