Аймағамбетов жалған құжатпен ҰБТ-ға кірмек болған талапкерлерге қатысты пікір білдірді

Аймағамбетов жалған құжатпен ҰБТ-ға кірмек болған талапкерлерге қатысты пікір білдірді

Аймағамбетов жалған құжатпен ҰБТ-ға кірмек болған талапкерлерге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жалған құжатпен ҰБТ-ға кірмек болған талапкерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Ең бастысы заң бұзушылық болған жоқ. Біз жүргізген реформаның арқасында жалған құжатпен кіремін деген талапкерлер ҰБТ тапсыра алмады. Дереу аты-жөнін тиісті органдарға бердік. Егер тестілеуге кірерде тексерістің бір ғана сатысы болса, құжатты көрсетіп, әрі қарай өтіп кететін еді. Құжатты көрсеткеннен кейін, Face ID-ға барады. Үшінші кезеңге барғанда барлығы анықталады", - деді министр.
Министр сондай-ақ биыл осындай заңсыз әрекетке барғандар саны артқанын айтты.
"Жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде биыл тестке өзі емес, басқа адамды жіберген факті бірнеше есе көбейіп отыр. Бұл – дұрыс шешім. Заң бұзушылық болған жоқ, біз қабылдаған, енгізген шешімнің арқасында заң бұзушылыққа жол берілмей отыр", - деді ол.
Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға кіру барысында 4 түлектің (оның ішінде 1 "Алтын белгі" иегері бар) орнына студенттер кіруге тырысқанын хабарлаған еді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.